×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады

04.09.2024, 16:57
Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады
Фото: pixabay.com

Республикалық орфографиялық комиссия туралы бұйрықты Ғылым және білім министрлігі жария талқыға шығарды. Ол консультативтік-кеңесші орган, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрық "Ашық НҚА" сайтында 3 қыркүйекте жарияланды.

Комиссия жөнінде ережеде оның жұмыс органы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тіл саясаты комитеті екені айтылған. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

Функциялар

  • қазақ тілінің емле ережелерін, сөзжасам тәсілдерінің біркелкілігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға қазақ тілінің емле қағидаларының жобасын бекітуге ұсыну;
  • қазақ тілінің сөздіктерін құрастыруға және мерзімділігіне қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • қазақ тілінің сөздіктері мен анықтамалықтарының тізімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • қазақ тілі сөздіктерінің, анықтамалық құралдардың жобаларын келіп түскен кезде емле нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
  • бір графикалық жүйенің мәтіндері мен жекелеген сөздерін басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппен беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • комиссияның жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет және әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу. 

Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде бес жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

Дауыс беру парақтарын қоса бере отырып, комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

Құжат 17 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.