×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

ТЖМ алматылық құтқарушылардың ескі экипировкасына жауапты емес екенін мәлімдеді

04.09.2024, 19:12
скриншот

ҚР ТЖМ алматылық құтқарушылардың тауларға арналмаған ескі жабдықтары мен 12 жылдық етігіне байланысты сынға жауап берді. Құтқарушылардң керек-жарағына әкімдік жауапты болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ Ulysmedia.kz басылымына берген жауабында Алматы қаласы құтқару қызметінің құтқарушыларының құрал-жабдықтарына қатысты жарияланым жөнінде түсініктеме береді. Аталмыш  қызмет ТЖМ құрылымына кірмейді. Алматы қаласы әкімдігінің иелігінде болғандықтан, олар осы қызметті жабдықтауға жауапты делінген түсіндірмеде.

– Қазақстан Республикасының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты 20 жедел-құтқару жасағы, оның ішінде Алматы қаласында орналасқан Республикалық жедел-құтқару жасағы бар. ЖҚЖ құтқарушылары құрлықта, суда, су астында, биік тауларда және қауіптілігі жоғары объектілерде ерекше күрделі құтқару операцияларын орындайды, дүлей зілзалалар салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді. Ведомстволық бұйрыққа сәйкес ЖҚЖ құтқарушылары үшін азаматтық қорғау органдары құтқару бөлімшелерінің арнайы нысанды киім-кешегі бекітілді, тиістілігі мен тозу мерзімі көрсетілген нысанды киім-кешек үлгілері белгіленген, – делінген жауапта.

Сонымен қатар құтқарушылар киім-кешегі түсінің сәйкестігіне қатысты қызғылт сары түс халықаралық стандарттар мен төтенше жағдайларды белгілеу жүйелерінде кеңінен қабылданғаны жөнінде де түсініктеме берілген. Бұл киім-кешектің маңызды элементі, сонымен қатар мамандық пен құтқарушылардың ТЖ-ға дайындығын білдіреді. Бұл бірлескен операцияларды жүргізу кезінде халықаралық ұйымдармен және құтқару қызметтерімен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл мамандарды оңай анықтауға және төтенше жағдайда көмек сұрауға көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары