×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Майқайыңдағы апат: Компания өтемақы төлеуге міндеттелді

05.09.2024, 19:25
Майқайыңдағы апат: Компания өтемақы төлеуге міндеттелді
Ашық дереккөзден

Сот жұмыс берушіні қаза тапқан құтқарушының отбасына келтірілген залалды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында компания қызметкерлері отырған автобус шұңқырға құлап, соның салдарынан төрт құтқарушы қаза тапқан еді. Тергеу нәтижесінде жұмыс беруші толықтай кінәлі деп танылған. Қаза тапқан Олег Тышкевичтің анасы, қызы, ұлы және әпкесі моральдық зиянды өтеу туралы сотқа жүгінген. Сот оларды қолдап, жұмыс берушіні туыстарының әрқайсысына 30 миллион теңге, барлығы 120 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Оқиғаның мән-жайы

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» компаниясы кенішінің шұңқырына автобус құлаған болатын. Автобуста жүргізуші мен үш құтқарушы болған. Сол күні төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелері қаза тапқан екі адамның денесін тауып, алып шыққан. Екі адам әлі табылмай жатыр.

4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жасалды. Жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкелінді. 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жеке заттар, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары табылып, жер бетіне шығарылған. Екі адам сол күйі табылмады.

Ал Бас прокуратураның ақпаратына қарағанда, полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

Ulysmedia.kz порталының тілшісімен әңгіме барысында табылмай жатқан азаматтардың туыстары қазу, іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығын сынға алған еді.

Амангелді Тілеубергеновтың айтуынша, қазір «Майқайың» комбинаты “кінәсізбіз” деп, жұмыс беруші компанияны «100 пайыз кінәлі осылар» деп сотқа беріп жатқан көрінеді. Ішінде “жүргізуші де кінәлі” деп те жазып қойғанын айтқан еді.