×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов туған ауылдағы халықтың ахуалы қалай

08.09.2024, 18:35
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia-ның "Ауылға жол" жобасы аясында ел аралап жүрген түсірілім тобы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың туған ауылында болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Түсірілім тобы Қарағанды облысы, Сейфуллин ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатысты бірер сұраққа жауап алды.

КӨМІР ҚЫМБАТ

Алғашқы болып микрофон ұсынылған азамат жолдың жайынан хабардар етіп, сөз арасында “Расында, мұнда көмір қымбат. Міне, мәселе осында” деп айтып қалды. 

Мұны естіп, “Қазақстан көмірінің отаны саналатын Қарағандыда қара отын қалайша қымбат?” деп біз қалдық. 

АУЫЛ АХУАЛЫ

Тұрғынның айтуынша, ауылдың қазір қирап тұрғаны да шамалы. Десе де кезінде мұнда сүт зауыты жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы техникалары тыным таппаған екен. 

“Ауыл шаруашылығына арналған химия өндірісі, автобаза жұмыс істеп тұрған. Коммунизм кетіп, тоқырау келген соң олар да құрыды. Бүгінде байланыс, темір жол дегендер ғана қалды”, дейді сейфуллиндік тұрғын. 

ҚОШАНОВТЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Ауылдан осыдан оншақты жыл бұрын көшіп кетіп, қонаққа келіп тұрған зейнеткер Жанар Нұрмағамбетова ауылға тән проблемалық мәселелерді ашып айта алмады. Есесіне Ерлан Қошановты жақсы таниды екен.

“Ол кісіні сыйлаймын, кішкентай кезімнен білемін, үй ішімен жақсы адамдар. Ешкімнің жаман пікір айтқанын көрмеппін. Бәрі мақтайды, өйткені ауылды көтеріп жатыр. Рақмет. Жан-жағымызды көркейтті, мешіт бой көтерді. Ел көретіндей, баратындай жерлеріміз бар”, деді Жанар ханым.

Ал ең минималды зейнетақыны қанағат тұтып, шүкіршілік етіп отырған ақсақал “Мұнда адамзатқа керектінің бәрі бар”, деп, жауабын қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары