×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жоғарғы сот Жанболат Мамайдың кассациялық шағымын қанағаттандырмады

09.09.2024, 19:27
Жоғарғы сот Жанболат Мамайдың кассациялық шағымын қанағаттандырмады
Әлеуметтік желіден

Жоғарғы сот Жанболат Мамайдың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы оның зайыбы Инга Иманбай хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

– Жоғары сот Жанболат Мамайдың касациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты. 2029 жылға дейінгі шартты бостандық, саясатпен, журналистикамен, қоғамдық жұмыспен айналысу, эфирге шығу, кітап жазуды шектеу (!) жазасын күшінде қалдырды. Біз енді БҰҰ Адам құқығын қорғау комитетіне шағымданамыз, – деп жазды Инга Иманбай.

Еске салайық, сот Жанболат Мамайды 6 жылға шартты түрде соттаған. Оған қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салынды. Жанболат Мамайға «Қасақана жалған ақпарат тарату» (274-бап), «Билік өкілін қорлау» (378-бап) және «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) бойынша айыптар тағылған еді. Алғашқы екі айыптау 2021 жылғы оқиғаларға, ал үшіншісі 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға қатысты.

Маусымда апелляциялық сот тіркелмеген Демпартия көшбасшысына шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Мамай ісін зерделеген БҰҰ жұмыс тобы Қазақстан үкіметіне үндеу жолдап, белсендінің негізсіз сотталғанын мәлімдеген