×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Марат Жыланбаев түрмеде 40 күндік аштық жариялады

13.09.2024, 18:37
Марат Жыланбаев түрмеде 40 күндік аштық жариялады
Коллаж Ulysmedia.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіде оның адвокаты Мейіржан Досқараев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокаты не дейді

Марат Жыланбаев жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен шыққан адвокаты Досқараев Жыланбаев 40 күндік аштық жариялағанын айтады. Марафоншы осылайша, өзін 7 жылға соттағаны үшін наразылық білдірген.

Биыл 19 тамызда марафоншы, тіркелмеген оппозициялық «Алға, Қазақстан» партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев 61 жасқа толды. Туған күнін ол Атбасардағы түрменің тәртіптік изоляторында қарсы алды. Қамауда бірнеше рет аштық жариялаған әйгілі спортшының қалы қалай? Ulysmedia.kz тілшісіне Марат Жыланбаевтың жай-күйін 20 тамызда Атбасарға барып келген адвокаты Мейіржан Досқараев айтып берген еді.

Жыланбаевқа шыққан үкім

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда Астана қаласының қалалық соты Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарған еді. Ол инстанция Астана қылмыстық істер жөніндегі сотының Марат Жыланбаевты жеті жылға соттаған үкімін күшінде қалдырған. Белсендіге сотта «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты» және «терроризмді қаржыландырды» деген айыптар тағылған. 

Марат Жыланбаев бұған дейін де бірнеше рет аштық жариялаған. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оны босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға шақырған болатын.

Бұған дейін Марат Жыланбаев жұбайымен телефон арқылы сөйлескенде өз өміріне алаңдайтынын айтқан. Ал ол оны  адвокат Мейіржан Досқараевқа жеткізген. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың түрмеге келуін талап еткен.

Марат Жыланбаев жайлы

Марат Жыланбаев – қазақстандық марафоншы, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының төрағасы. Ол әлемдегі ең үлкен шөлдермен жүгірген жалғыз адам. 

Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жер шарының ең ірі шөлдері – Азия, Африка, Австралия және Америкада жүгірген жалғыз адам. Оның әрбір жүгірісі кем дегенде 1200 км құрады. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген 7 әлемдік рекордтың иесі.