×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Тағы да жол апаты. 11 адам зардап шеккен

17.09.2024, 16:26
ашық дереккөз

Оралда автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

ҚАЙДА БОЛДЫ?

Оқиға 17 қыркүйекте сағат 9:20 шамасында Алаш және Светлая көшесінің қиылысында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ГАЗель Next-пен Nissan Teana соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Nissan-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы және автобустағы 8 жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, – дейді Полиция департаментінің өкілдері.

ҚАРСЫ ЖОЛҒА ШЫҒЫП КЕТКЕН

"Батыс Дилижанс" ЖШС автобус паркінің басшысы Владимир Юркевич Nissan-ның жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткенін айтады.

Өзіміз де нақты ештеңе білмей отырмыз. Онға жуық жедел жәрдем көлігі келді. Автобус жүргізушісін наркологиялық тексерістен өткізуге алып кетті. Іште отырған адамды шығару үшін көліктің оң жағын кесуге тура келді. Жеңіл көліктің жүргізушісі де ауруханаға кетті. Автобус жүргізушісінің сөзінше, ол өз жолымен кетіп бара жатқан, жеңіл көлік жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шыққан. Асқан жылдамдықпен келе жатқан көрінеді, – дейді Юркевич.

Естеріңізде болса, бүгін Жамбыл облысында болған жол апатынан 7 адам көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.