Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда тұрғын үй шатырынан құлап қаза тапқан қос қыздың өліміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СӨЗСІЗ СУИЦИД
“Бүгінге деректерге сай, бұл - сөзсіз суицид. Іс “суицидке дейін жеткізу” бабы бойынша қозғалған. Одан артық пікір білдіре алмаймын деді” Лепеха.
БҰҒАН ДЕЙІН
Алматыда екі оқушы қыз 8 қабатты үйде құлақ қаза тапқан. Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеген.
КІМНІҢ ҚЫЗЫ
Қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды. Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.