×
488.37
559.77
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.37
559.77
6.64

Иран АҚШ-тан бір тиын да алмайды – Трамп

Бүгін, 10:30
Иран АҚШ-тан бір тиын да алмайды – Трамп
salom.com

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Иран өкілдерінің Швейцарияда жоспарланған кездесуі Иран тарапының "жауапсыздығына" байланысты өтпей қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сонымен қатар ол өзара түсіністік туралы меморандумда тиісті тармақ қарастырылғанына қарамастан, Иранға АҚШ тарапынан ешқандай қаражат берілмейтінін айтты.

– Олармен енді ешқандай мәміле болмайды! Алпыс күннен кейін (келісім бойынша соңғы талқылауды – ред.) аяқтаймыз. Олар бір цент те алмайды! – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумның алтыншы тармағына сәйкес, АҚШ Таяу Шығыстағы серіктестерімен бірлесіп Иранды қалпына келтіру және экономикалық дамыту үшін кемінде 300 миллиард доллар бөлуді көздейтін түпкілікті әрі өзара келісілген жоспар әзірлеуге міндеттелген еді.

Алайда Дональд Трамп құжат жарияланғаннан кейін АҚШ Иранға 300 миллиард доллар төлейді деген ақпаратты шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары