×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аягөздегі офицердің қазасы: Қорғаныс министрлігі не дейді

20.09.2024, 16:00
Аягөздегі офицердің қазасы: Қорғаныс министрлігі не дейді
Ulysmedia коллажы

Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев Аягөзде қаза тапқан әскери қызметкер жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Басхожаевтың айтуынша, қаза тапқан адам екі жылға шақырылып, офицер болған. 

– Ол далалық жұмыстарына қатысы жоқ қаржы қызметімен айналысқан. Барлық өтемақыны, тиісті ақшаны алды. Кеше ғана ол әкесімен сөйлескен, қызмет көрсету шарттарына ешқандай шағымдар болған жоқ. Мүмкін бұл психолингвистикалық, өзгермелі орын. Енді біз болжам айтпаймыз, істі тергеушілер қарасын. Сондықтан мұндай жағдайлар болады. Біз отбасыларға көңіл айтамыз, бұл дұрыс емес, бірақ біз шетте қалмаймыз, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Қылмыстық іс ҚР ҚК 105-бабы (суицидке дейін жеткізу) бойынша басталған.

АЯГӨЗДЕГІ ЖАҒДАЙ

Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан. Көз жұмған сарбаздың есімі – Нұрсұлтан Алдамұратов. 1998 жылы туған. Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылының тумасы.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Өте қауіпті, үрейлі үрдіс! Қазір жұрт баласын армияға жіберуден қорқып қалған. Күні кеше ғана «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ал бүгін Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.