Сот журналист Дана Орманбаева блогер Баян Алагөзова туралы шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратты және оларды жоққа шығаруға міндетті деген үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
АЛАГӨЗОВА НЕГЕ АШУЛАНДЫ
Осыдан үш айға жуық уақыт бұрын танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваның желіде өзіне тіл тигзігенін, ар-намысына нұқсан келтіргенін жазған.
СОТҚА БЕРДІ
Сондықтан Алагөзова Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау, журналистің Instagram-дағы және Telegram-дағы жеке парақшасында таратылған мәліметтерді жоққа шығару міндеті туралы талап арызбен жүгінген. Талапкер соттан моральдық зиян үшін 2 миллион теңге өтемақы өндіруді сұрады.
ОРМАНБАЕВА ҚАЛАЙ АҚТАЛДЫ
Өз кезегінде Орманбаева сот ісін мойындамады, өзі жариялаған мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін және бағалау екенін көрсетті. Жұмыстағы, қоғамдық орындағы кемшіліктерді сынай отырып, шындыққа сәйкес келетін мәліметтерді теріске шығару туралы талаптарды негізді деп тануға болмайтынын айтқан.
СОТ НЕ ДЕДІ
"Жеке және заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы заңнаманы сот практикасында қолдану туралы" ӘК нормативтік қаулысының 8-тармағына, АК 141-бабының 1-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес, таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкестігін дәлелдеу міндеті жауапкерге жүктеледі,”- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Талапкер талап қойылған адамның өзіне зиян келтіретін мәліметтерді тарату фактісін ғана дәлелдеуге міндетті, бұл ретте ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін дәлелдеуге де құқылы.
“Журналистің өзі жариялаған ақпарат блогерге қатысты емес екендігі туралы дәлелдері расталмады. Осыған байланысты, істің мән-жайлары мен сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, сот блогердің талабын ішінара қанағаттандырды,”- деп жазды соттың телеграмм арнасы.
ҮКІМ ҚАНДАЙ
Орманбаева таратқан ақпарат Алагөзованың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірді және шындыққа сәйкес келмейді деп танылды.
Сот Орманбаеваны таратқан ақпаратын теріске шығаруға және Алагөзоваға моральдық зиянды түрінде 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.
ДАНА ОРМАНБАЕВА
Дана Орманбаева – журналист, балалар жазушысы және блогер, қазір БАӘ-нің Дубай қаласында тұрады. Instagram және Telegram-дағы блогтарында ол әлемде және ҚР-да болып жатқан оқиғалар туралы пікірін бөліседі.
"Честная жизнь" YouTube-жобасының авторы. Әр жылдары “31 арна", "МИР" МТРК, "НТК", "Хабар" теларналарында жұмыс істеген.
Қазақстандық әзілкеш, шоумен Даут Шайхисламовтың жұбайы.
Бұған дейін Орманбаева блогер Жанна Ахметовамен соттасып жеңіп алған болатын