×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Экология министрлігі Кіші Талдыкөлге қатысты ұстанымын жария етті

17.09.2021, 16:21
Фото: Ашық дереккөздерден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалу керектігін жариялады. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бұған дейін аталмыл көлді «елдімекен жеріне» ауыстыру туралы қаулы шығарған болатын, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Талдыкөл - су объектісі. Әкімдік өз құзыреті шегінде су қорының жерлерін елді мекендердің жерлеріне ауыстыру туралы қаулы шығарды. Су қорының жерлері басқа санаттарға табиғи немесе жасанды түрде жойылған, сондай-ақ су объектісінің көлемі кішірейген кезде ауыстырылады. Көлдің қай бөлігі табиғи себептермен жоғалып кеткенін, су жинау алаңын салу нәтижесінде көлдің көлемі қаншалықты кішірейгенін зерттеу қажет», - деп хабарлады бүгін министрліктен.

Осыған байланысты министрлік қосымша зерттеу жүргізіп, олардың нәтижелерін ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдау қажеттігін хабарлайды.

«Министрліктің ұстанымы - Кіші Талдыкөл су объектісі ретінде қалдырылсын. Бұл ретте, қала құрылысының салдарынан көлге түсетін жаңбыр және еріген сулардың ағыны азайғанын назарға ала отырып, оны қосымша толтыру мен айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет», - делінген министліктің хабарламасында.

 

Серіктес жаңалықтары