Семей ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бес азаматтан 4 мың және 25 мың теңге аралығында пара алғаны үшін істі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
УӘДЕ
Шенеунік 5 адамға тиісті құжаттарын тез рәсімдеп беремін деп уәде еткен.
Сот ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарған адамды Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған мынандай жаза тағайындады – ол 2,9 млн теңге айыппұл төлейді және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – деп хабарлайды Семей соттарының баспасөз қызметі.
ПАРА БЕРГЕНДЕР ДЕ КІНӘЛІ
Сонымен қатар, пара берген бес адам да кінәлі деп танылып, оларға 60 мыңнан 375 мың теңге аралағында айыппұл салынған. Сонымен қатар олар да енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.