×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Жолдың жыры. Атыраудағы күрделі жөндеу 6 жылға созылған

01.10.2024, 08:33
Жолдың жыры. Атыраудағы күрделі жөндеу 6 жылға созылған
Көрнекі сурет

Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге бітпей тұр, деп хабарлайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бқл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізген бақылау барысында белгілі болған.

«Жақында департамент басшылары Құрманғазы ауданындағы автомобиль жолының жөндеу барысына мониторинг жүргізді. Мәселен, 2018 жылы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяев» автомобиль жолын күрделі жөндеу басталған. Шарт сомасы – 4,2 млрд теңге. Мердігерлікке «Бекет Сат Жол» ЖШС таңдалған. Тапсырысты облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген. Мониторинг кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмейтіні, жол жабынының жоғарғы қабаты төселмегені, күрделі жөндеу осы күнге дейін аяқталмағаны анықталды. Былтыр «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Атырау филиалы тексеру жүргізіп, асфальтбетон жамылғысынан ұсақ түйірлі қиыршықтастың бөлінуі түріндегі елеулі ақауды анықтаған болатын. Мердігер бұл ақауды бүгінгі күнге дейін қалпына келтірмеді. Ал соңғы мониторингте жол жабынының шөгуі анықталды» делінген департамент хабарламасында.

Мердігер компания жөндеудің созылып кетуін құрылыс материалдарының қымбаттауы және пандемиямен байланыстырады. Осыған байланысты сметалық құжаттамаға қосымша келісім жасау жоспарланып отырғанын жеткізді.