×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Коммуналдық қызметтер 1 жылда айтарлықтай қымбаттаған әрі 3-5 жыл бойы тұрақты қымбаттайды

01.10.2024, 10:23
Коммуналдық қызметтер 1 жылда айтарлықтай қымбаттаған әрі 3-5 жыл бойы тұрақты қымбаттайды
Көрнекі сурет

Статистка бюросының мәліметінше, Қазақстанда бір жылда орталық жылу әжептәуір қымбаттаған. 2024 жылғы қыркүйекте коммуналдық қызметтің бұл түрі Гкал үшін 5,2 мың теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 29,9% жоғары, ал қаңтардан бергі қымбатшылық 12,1%, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

ТАРИФТЕРДІҢ ӨСУІ

Ыстық су мен суық су бір жылда 23,5% және 23,8% қымбатшылық көрсеткен. Электрэнергиясы сәйкес кезеңде 22%-ға өсіп, 21-35 теңге кВт шамасына тұрақтаған.

Қымбатшылықтың баяу қарқыны тек табиғи газда ғана байқалады. Көгілдір отын құны бір жылда 11,2% өсіп, куб. м. үшін 33,44 теңгеге жеткен.

ТАҒЫ ДА ӨСЕДІ

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының басшысы Сергей Агафонов LS агенттігіне тарифтердің өсуі алдағы үш-бес жыл бойы жалғасатынын жеткізген.

Ол мұны ел кейінге қалдырылып келген өсімді қуып жетумен байланыстырады.

Сергей Агафоновтың сөзінше, елде бірнеше жыл бойы әлеуметтік шиеленіс өршіп кетпес үшін коммуналдық төлемдердің бағасын өсірмей ұстап отырған. Ақырында өндіріс орындары жеке тұлғалардан да көп төлейтін болып, электоэнергетика саласы өзге салаарға әсер етіп, шығын өнімдердің құнына қосылған. Сәйкесінше, тұрғындардың шығыны тауар сатып алу барысында қатар өскен.

"ИНФЛЯЦИЯ +" ФОРМУЛАСЫ

Сарапшы тарифтерді нарықтық бағамен теңестіру үшін қымбатшылық жалғаса түсетінін атап өтті. Бірақ қарқыны сәл бәсеңдеу болады.

Қауымдастық басшысының сөзінше, келесі жылдары тарифтің өсімі  "инфляция +" формуласы арқылы реттеледі. Бұл барлық коммуналдық қызметтеріне қатысты болмақ.