Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Астанадағы көптеген әлеуметтік маңызы бар жерлерде ақылы автотұрақтардың енгізілуі, әсіресе Ботаникалық бақ сияқты орындарда, қала тұрғындарының наразылығын тудырып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАРЖЫЛЫҚ СҰРАҚТАР ТУДЫРАТЫН ЖҮЙЕ
Мәжілісменннің сөзінше, ақылы тұрақтар көк сызықтармен белгіленеді, ал тұрақтың бір сағаттық құны 100 теңгені құрайды. Егер жүргізуші белгі немесе таңбаны байқамаса, ол шамамен 5000 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
“Қала әкімінің орынбасарының мәліметінше, осы жылдың 9 айында ақылы тұрақтардан түскен айыппұл сомасы 1,7 миллиард теңгеге жеткен. Дегенмен, бұл жүйенің қаржылық бөлігі сұрақтар тудырды. Әрбір 100 теңгеден 70%-ы тұрақтарды басқаратын жеке компанияның үлесіне тиеді, ал 30%-ы ғана қалалық бюджетке түседі” дейді депутат.
МОНОПОЛИСТКЕ ТЫҚЫР ТАЯНА МА
Аймағамбетов кірістердің бөлінуі комитет депутаттарының арасында қалалық бюджет пен қоғамдық мүдделерге сай келетін жүйе туралы сұрақтар туындатқанын, монополист компанияның иелері туралы ақпарат та сұратылғанын атап өтті.
“Мұндай шаралар қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Қала бюджетіне бұл төлемдерден үлкенірек, кем дегенде 90% түсіп, сондай-ақ қоғамдық пайдалануға арналған орындарда тегін автотұрақтар санын көбейту керек деп санаймыз” дей”ді ол.