×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Теміртаудағы пәтерде аш иттер көз жұмған адамдардың етін жеген

Теміртаудағы пәтерде аш иттер көз жұмған адамдардың етін жеген
Фото: zoo61.ru

Қарағанды облысы Теміртау қаласында қашан көз жұмғаны белгісіз үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, үш адам – бір әйел және екі ер адамның өлімінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

«Вечерняя Караганда» газеті Telegram-арнасының жазуынша,Теміртау қаласы Уәлиханов көшесінің бойындағы үйде орналасқан пәтерден иттердің қыңсылаған дауыстары шыққан. Сондай-ақ пәтерден сасық иіс тараған. Марқұмдардың көршілері құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған.

Құтқарушылар есікті бұзып кіргенде алдарынан питбул иттер шыққан. Кинологтар иттерді ұстап алған соң, полиция ішке кіріп, үш адамның мәйітін тапқан, – деп жазады басылым.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бүгінде Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Мәйіттерден зорлық-зомбылықтың белгілері табылған жоқ. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлады ПД.