Алматыда 9 қазанда таңертең үйінен шыққан соң хабар-ошарсыз кеткен Ермек Жақыпжанов есімді ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиғаны Алматы қалалық Полиция департаменті растаған.
Белгілі болғандай, ол 9 қазан күні әдеттегідей таңғы сағат 07:30 шамасында Hyundai Genesis көлігімен жұмысқа кеткен.
ОЛ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Ермек Жақыпжанов – Lenovo компаниясының Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы мемлекеттік институттармен жұмыс жөніндегі директоры. Ол мемлекеттік тапсырыс берушілермен өзара әрекеттесуге және білім беру секторы үшін корпоративтік шешімдерді сатуға жауап береді. Lenovo-ға дейін Жақыпжанов Технодом-ның корпоративтік сатылымдар жетекшісі болған. Оған дейін 10 жылдан астам Қазақстандағы SAP серіктестік желісінің басқарушысы және СБМ директоры болып жұмыс істеген.