×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Оралда әйел күйеуінің жалаңаш суреттерін желі арқылы таратқан

Оралда әйел күйеуінің жалаңаш суреттерін желі арқылы таратқан
Фото: Pixabay/Pexels

Орал қаласында күйеуінің интим фотосуреттерін WhatsApp мессенджері арқылы заңсыз таратқаны үшін әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мой город» сайтының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы айыпталушы мұндай қадамға қызғаныштан барғанын айтқан.

Әйелдің кінәсі толық дәлелденді. Орал қалалық соты Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша үкім шығарып, жеке өмірге қол сұғушылықты бұзғаны үшін жаза тағайындады, – деп мәлімдеді прокуратура.

Сондай-ақ прокуратура азаматтардың келісімінсіз жеке суреттерін бұлай таратқаны үшін 6 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін екенін ескертті.

Еске салсақ, интернет алаяқтар Telegram арқылы адамдардың жеке дерегін 5000 теңгеден сатқанын жазған болатынбыз.