Атырау қаласында жылу маусымы басталғанына қарамастан, кейбір көпқабатты үйлердің жылу жүйесінде ақау шығып, тұрғындар пәтерлердің суық екеніне шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Azh.kz сайтының жазуынша, әсіресе, Жерұйық ықшам ауданындағы бірнеше үйге жылу әлі берілмеген.
Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының мәліметінше, қаладағы 1033 көпқабатты үйге жылу берілген, бірақ 15 үйде апаттық жағдайлар болғандықтан, уақытша жылу беру тоқтатылған.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы Аягөз ауданындағы қазандықтан ақау шыққанын жазған болатынбыз.