×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Илон Маск АҚШ-тың банкрот болу қаупі бар екенін мәлімдеді

Илон Маск АҚШ-тың банкрот болу қаупі бар екенін мәлімдеді
Фото: Marc Piasecki

Америкалық кәсіпкер Илон Маск X әлеуметтік желісінде АҚШ-тың банкрот болу қаупі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАСК НЕ ҮШІН АЛАҢДАЙДЫ

Ол мемлекеттік шығындарға алаңдаушылық білдіріп отыр.

Егер мемлекеттік шығындарды түбегейлі қысқартпаса, онда тым көп қарыз алған адам сияқты Америка да банкрот болады, – деп жазды миллиардер.

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ ҚАРЫЗҒА КЕТЕДІ

Кәсіпкер салық түсімдері қарыз бойынша пайыздарға кетіп, маңызды қажеттіліктерге ештеңе қалмайтынын жеткізді.

Бұған дейін ол АҚШ президенттігіне кандидаттарға қатысты шарттарды өзгерту қажеттігін айтқан еді.

Еске салсақ, бұған дейін Бразилия жоғарғы соты ел аумағында Илон Масктың Х желісінің жұмысына тыйым салған болатын. Сот шешіміне Масктың ымыраға келіп, экстремист деп танылған адамдардың аккаунтын бұғаттап, айыппұл төлей бастағаны да кедергі бола алмаған еді.

Сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда тағы да жеңіске жетсе, Илон Маск Ақ үйге жұмысқа тұра алатынын жазған болатынбыз.