×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Онлайн-казино. Министрлік заңсыз айналысатындардың тізімін жариялады

28.10.2024, 12:01
Онлайн-казино. Министрлік заңсыз айналысатындардың тізімін жариялады
ашық дереккөз

Туризм және спорт министрлігі ойын бизнесімен айналысуға лицензиясы жоқ ресурстар тізімін жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Министрлік telegram арнасының хабарлауынша, тізімде онлайн-казино белгілері бар 1820 бірегей мекенжай бар.

Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалған.

Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді.

ТІЗІМГЕ ЕНГЕН ПЛАТФОРМАЛАР

Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.

Анықталған ақпарат "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.