×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

10 үй суға кеткен. Ұлытау облысында басқарма басшысының ісі тергеліп болды

30.10.2024, 09:11
10 үй суға кеткен. Ұлытау облысында басқарма басшысының ісі тергеліп болды
Коллаж Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі су тасқынына байланысты Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істерді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталған, бұл жобалаушы мәлімдеген өзеннің су көлемінің өткізу қабілетін азайтқан.

Облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып берген.

САЛДАРЫ

Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері көктемде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты.

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланған

Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілген.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ

Еске салайық, биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын тасқындардың бірі болды. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Ел бойынша 19 мыңнан астам тұрғын үй қирады.

Су тасқынымен күреске 63 мыңнан астам күш құрылымдарының қызметкері қатысты.

Құтқару операциялары барысында 120 мыңнан астам адам, соның ішінде 40 мың бала эвакуацияланды.