×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Қамалған қыздың анасы өзін өртеуге әрекеттенген". Алматы облысы прокуратурасы пікір білдірді

30.10.2024, 12:58
"Қамалған қыздың анасы өзін өртеуге әрекеттенген". Алматы облысы прокуратурасы пікір білдірді
Коллаж

Алматы облысы прокуратурасы облыстық прокурор қабылдамаса, өзін өртейтінін айтқан ашынған келіншектің әрекетіне байланысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРОКУРАТУРА ХАБАРЛАМАСЫ

“Алматы облысы прокуратурасы ғимаратының алдында өзін-өзі өртеу әрекеті фактісі бойынша азаматты облыстық прокуратура қызметкерлері қабылдағанын хабарлаймыз, оған оның талаптары бойынша мәселелер түсіндірілді, бұдан басқа, бүгін түстен кейін оны барлық мән-жайды анықтау үшін облыс прокуроры қабылдайды. Уақтылы жедел әрекеттің арқасында өзін-өзі өртеуге жол берілмеді. Азаматтардан тек сенімді ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз” делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін құқыққорғаушы Бауыржан Азанов фейсбук парақшасында Алматы облысының прокуратурасында қамалған қыздың анасы өзін өртеуге әрекеттенгенін жазған.

БАССЫЗДЫҚҚА РЕАКЦИЯ

“Қапшағайда (қазіргі Қонаев) Алматы облысы прокуратурасының ғимаратында қамауға алынған қыздың анасы өзін өртеуге әрекет жасады.

Оқиға орнына өрт наряды, жедел медициналық жәрдем каретасы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Алматы облысы прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен болған бассыздық қамауға алынған қыздың анасының осындай реакциясын тудырды” дейді құқыққорғаушы.

Соңғы уақытта Алматы облысы резонанстық қылмыстық істер бойынша жиі аталып жүр.

РЕЗОНАНСТЫҚ ІСТЕР

Мәселен, Алматының іргесіндегі Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған азамат қашып кеткені көптің назарын аударған. Полиция ол қолға түссе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. Күдікті тек арада бірнеше күн өткеннен кейін ұсталған.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты.

12 қазанға қараған түні әлдекімдер марқұмның отбасының үйін өртеп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.