Келесі аптада өтуі тиіс АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін Иран Израильге қарсы шабуылын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Иран халқының рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қарымта шабуыл жойқын болады деп мәлімдеді. Естеріңізде болса, Израиль әскері қазан айының соңында Иранның стратегиялық нысандарына соққы жасаған.
Шабуыл кезінде Тегеран мен Батыс Ирандағы әскери базалар шығынға ұшыраған болатын.
Еске сала кетсек, Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасап, Израиль билігі әуе соққысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеген.
Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген.