Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақмола облысында жол-көлік апатына ұшыраған үш адамды арнайы техникалардың көмегімен құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
“Бүгін "Ақкөл-Степногорск" автожолында Домбыралы ауылының маңында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, үшеуі есікке қысылып қалған”, делінген министрлік хабарламасында.
Үш азаматты көлік ішінен шығару үшін құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Өйткені қатты деформацияланған көлік есігін қолмен ашу мүмкін болмаған.
Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.