×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Нетаняху Израиль Қорғаныс министрін қызметінен қуды

Бүгін, 02:30
Нетаняху Израиль Қорғаныс министрін қызметінен қуды
ВВС

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен алып, орнына Сыртқы істер министрі Исраэль Кацты тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОҒАЛҒАН СЕНІМ

Нетаньяхудың қорғаныс министрі Йоав Галантты қызметінен босатуын үкімет басшысының кеңсесі олардың арасындағы «сенім дағдарысымен» түсіндірді.

ЕСКІ ДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Ал оның орнына келген Израиль Кац бұған дейін Сыртқы істер министрі лауазымында болған. Енді ол ведомствоны бұрын министрлік портфелін ұстап көрмеген Гидеон Саар тағайындалды.

ГАЛЛАНТ ТА ҮНСІЗ ҚАЛМАДЫ

Галланттың өзі әлеуметтік желіде «Израиль мемлекетінің қауіпсіздігі менің өмірлік миссиям болды және мәңгі қалады» деп жазып, өзінің отставкаға кеткеніне үн қатты.

ҚОҒАМ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Дегенмен министрлер кабинетіндегі күтпеген ауыс-түйіс Тель-Авив көшелерінде жаппай наразылық тудырды, оппозиция жетекшілері израильдіктерді мұндай шешіммен келіспейтіндерін кеңірек көрсетуге шақырды.

ҚАЙТА КЕЛГЕН МИНИСТР

Бұған дейін Нетаньяху мен Галант арасындағы қызметтік қарым-қатынас қиындау болған. Өткен жылдың наурыз айында, Газадағы соғыс басталғанға дейін алты ай бұрын Нетаньяху маңызды саяси келіспеушіліктерге байланысты Галантты қызметінен босатқан еді.

Алайда оның кетуі Израильде қоғамдық наразылық тудырғаны сонша, премьер-министр Галантты отставкаға жіберу туралы шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды.

НЕТАНЯХУ НЕ ДЕЙДІ

Нетаняху да Галантты қызметтен алудың басты себебін халқына түсіндіріп берді.

“Қазіргідей соғыс жағдайында премьер-министр мен қорғаныс министрінің арасындағы сенім мықты болуы керек. Өкінішке қарай соңғы айларда Галант екеуіміздің арамыздағы сенім әлсіреп кетті”, деді Израиль көшбасшысы.

“СЕНІМ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ” БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ

Десе де Нетаняхудың Қорғаныс министрін қызметтен алуына бірнеше себеп бар. Ең бастысы – Израильдің Иранға шабуылына қатысты ақпараттардың құпиялық арнасынан шығып кетіп, жер-жаһанға жария болуы. Одан кейінгі себеп – Нетаняху резиденциясына жасалған шабуыл.