×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Путин мен Байденнің әңгімесі немен аяқталды?

08.12.2021, 20:49
Фото: ашық дереккөз

Әлемдік саясаттағы басты оқиға – АҚШ пен Ресей басшыларының онлайн келіссөздері түсініксіз аяқталды. Екі тарап өз мәлімдемесін таратты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Батыс мемлекеттері Ресейді Украинамен арадағы шиеленісті төмендетуге үндеді. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесер алдында Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италия лидерлерімен хабарласуынан кейін айтылды. Аталған мемлекеттер Киевті Мәскеуден төнген кез келген қауіптен қорғайтындарын мәлімдеп отыр.

Еске сала кетсек, АҚШ пен Ресей президенттері бүгін видеобайланыс арқылы сөйлесіп, Украина мәселесін талқыламақ. Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ пен оның одақтастары Ресей экономикасына ауыр зардап әкелу үшін ортақ стратегия құрған. АҚШ басылымдарының хабарлауынша, Ресей Украинаға басып кірген жағдайда ол жаһандық банкаралық ақша аударымдары жүйесінен ажыратылады. Кремль болса, Украинаға шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын мәлімдеп, Батыс елдерін арандатушылыққа барды деп айыптады.

Мәскеу Украина шекарасы маңына ондаған мың жауынгер шоғырландырды.

Ал Құрама Штаттар барлаушыларының дерегінше, Мәскеу Украина маңына 70 мыңдай әскер шоғырландырып, көрші елге алдағы жылдың қаңтар айында басып кіруді жоспарлап отыр. Алайда Ресей мұндай мәліметтерді үнемі жоққа шығарып келеді. 

Серіктес жаңалықтары