×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ғалымдар «омикрон» штамының алғашқы фотосуретін жариялады

08.12.2021, 22:10
Фото: The university of Hong Kong

Электрондық микроскоптың арқасында жаңа Covid-19 «омикрон» штаммының микросуреті алынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Гонконг университетінің мәліметінше, медицина факультетінің ғалымдары Covid-19 жұқтырған маймылдың бүйрек жасушасын (Vero E6) суретке түсірді. «Омикронды» клиникалық үлгілерден оқшаулау вакцинаны жасауға көмектеседі.

Аздап үлкейтілген жасушаларды қарағанда оның зақымдалғанын, қоректік заттарды сақтауға және тасымалдауға жауап беретін везикулалардың ісініп тұрғанын көруге болады. Жасушаларды үлкейте түскен кезде вирустың өзін көруге болады, оның тәж тәрізді бөлшек-бөлшек ұштары бар.

B.1.1.529 штамы алғаш рет Ботсванадағы науқастан табылды. Алдын ала дәлелдемелер басқа штамдармен салыстырғанда осы нұсқада қайта жұқтыру қаупі жоғары екенін көрсетті.

Серіктес жаңалықтары