×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Талғарда әкім сайласақ, оны алып тастайтын да халық болуы керек – сарапшы

08.11.2024, 16:10
Талғарда әкім сайласақ, оны алып тастайтын да халық болуы керек – сарапшы
ашық дереккөзден

Парламент мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның отырысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев аудан, қала, ауыл әкімдерін сайлау кезінде бір мәселеге назар аударылуы керектігін айтады.

– Мен әкімдерді алып тастау тетігін де енгізер едім. Әйтпесе, Талғарда әкім сайланса, ол кемшілік жіберсе, оны жоғарыдағы әкім алып тастай алады. Себебі оның статусы бөлек. Әйтпесе, сайлаудың мәні де жоғалады. Сайлаған халықтың өзі алып тастай алса, сол логикаға сыйымды болар еді, – дейді ол.

ӘКІМ САЙЛАУ

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, алдағы уақытта республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Олардың арасында Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласы да бар.