Алматыда жұмыстан тыс уақытта учаскелік полицейдің қатысуымен жанжал болып, салдарынан полицейді пышақтап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы EGOV.PRESS телеграм арнасы жазды.
Тараған ақпаратқа сай, түнгі уақытта Алматының Алатау ауданындағы «Pegas» кафесінің маңында төбелес болған. Салдарынан Наурызбай ауданына қарасты учаскелік полицей, капитан А.Отарбаев сол жақ кеуде тұсынан жарақатын алған.
Жанжал қызметтен тыс уақытта болғаны хабарланды. Күдікті Жамбыл облысының тумасы бірден ұсталған.
Аталған деректі Алматы полиция департаменті растады.
“Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталуда” делінген ПД хабарламасында.