×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Неге күзде және қыста адамның басы жиі ауырады

Неге күзде және қыста адамның басы жиі ауырады
Фото: rusosteopathy.com

Басы ауырмайтын адам баласы жоққа тән шығар. Әсіресе, күз-қыс айларында бұл ауру жиілеп кетеді. Дәрігерлердің айтуынша, мұның бірнеше себебі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Life.ru-ға сілтеме жасап.

АУЫРУЫҢА АУА РАЙЫ ДА «КІНӘЛІ»

Невролог маман Екатерина Демьяновскаяның айтуынша, күзде және қыста болатын температуралар өзгерісінен, атмосфералық қысымнан және күндізгі жарықтың қысқаруынан адамдардың басы ауыруы мүмкін. Оның айтуынша, бұл, әсіресе, ауа райына тәуелді адамдарда байқалады.

Дәрігер бұл факторлар вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететінін айтты, ол тек бас ауруына ғана емес, сонымен қатар буындардың және тіпті жүректің де ауырсынуына әкеледі. Оған бас сақинасы және кластерлік бас ауруы бар адамдар бейім келеді.

БАС КИІМ КИМЕСЕҢ – БӘЛЕГЕ ҚАЛАСЫҢ

Суық мезгілде бас киімнен бас тарту да бас ауруын тудыруы мүмкін.

Себебі төмен температура бас бұлшықеттеріне күш түсіруі және сәйкесінше оның ауырсынуына әкеледі. Сондай-ақ тонып қалу қабыну мен нейроинфекцияларға әкелуі мүмкін, сондықтан +5 градустан төмен температурада бас киім киіп жүру керек, - дейді дәрігер.

ЖАТТЫҒУ ЖАСАУ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАДЫ

Сондай-ақ неврологтың айтуынша, мезгіл ауыспай тұрып ағзаны шынықтыру маңызды.

Басыңыз ауырған кезде душ қабылдаңыз, аяқты жылы суға салыңыз, қараңғы және суықтау бөлмеде ұйықтаңыз. Сол секілді бас ауырғанда жаттығу жасаған пайдалы, тіпті жеңіл гимнастиканың өзі хал-жағдайыңызды жақсартады, - дейді невролог.

Еске салсақ, бұған дейін қыста қаптайтын аурудан сақтайтын 5 амалды тізіп шыққан болатынбыз.