×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Путин Украинаны үшке бөліп тастауды жоспарлап отыр – неміс басылымы

25.11.2024, 08:46
Путин Украинаны үшке бөліп тастауды жоспарлап отыр – неміс басылымы
Коллаж Ulysmedia.kz

Путиннің Украина бойынша «бейбіт» жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейді. Мұндай сценарий Ресейдің қорғаныс министрлігінің құпия құжатында сипатталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰЖАТТЫҢ МАЗМҰНЫ

 

Германиялық BILD басылымының жазуынша, Украиналық ақпарат агенттігі «Интерфакс» Путин Украина аумағын бөлу идеясын АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трампқа ұсынбақ. Кремль атысты тоқтату мәселесін талқылауға дайын” деп хабарлаған. Мұндай деректі Ресей үкіметінің қазіргі және бұрынғы өкілдері жеткізген-мыс.

Путиннің шарты бойынша Ресей Украинадан елеулі территорияларды сақтап қалып, Украинаны НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартқызғысы келеді.

ҮШ БӨЛІК

Құпия құжаттан белгілі болғандай, Кремль Украина территориясын үш бөлікке бөлуді жоспарлап отыр. Елдің шығыс бөлігі (Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстары) және Қырым Ресейге берілуге тиіс.

Елдің екінші үлкен бөлігін (Киев, Сумы және Одесса облыстарын қоса алғанда) «проресейлік мемлекеттік құрылымға» айналдыру жоспарлануда. Бұл аймақтағы билік құрылымдары проресейлік кадрлармен толықтырылады, ал Ресей әскері бақылау үшін осы территорияда орналастырылатын болады. Бұл Украина марионеткалық мемлекетке айналады дегенді білдіреді, яғни Мәскеуден басқарылатын болады.

Құжатта батыс Украинадағы қалған бөлік «даулы территориялар» деп аталады. Олардың тағдырын Ресей мен көрші елдер – Венгрия, Польша және Румыния арасындағы келіссөздер барысында шешу жоспарлануда.

ТӨРТ СЦЕНАРИЙ

Құпия құжатта алдағы жылдардағы әлемдік оқиғалардың төрт сценарийі де қарастырылған. Алғашқы екі сценарий «Көпполярлы әлемнің қалыптасуы және жетекші акторлардың ықпал ету салаларын бөлу» және «Аймақтандыру/хаотизация» деп аталады.

Бұл сценарийлерде Ресей Украинаға қарсы жеңіске жетеді, ал әлемдік жағдай Мәскеу үшін «қабылданарлық» болып қалыптасады.

Егер соғыс белгілі бір мерзімге тоқтатылса немесе Ресей жеңілсе, екі басқа сценарий қарастырылған, «АҚШ пен Батыстың үстемдігі» және «Қытайдың әлемдегі жетекші мемлекет мәртебесін алу». Екі нұсқа да қолайсыз деп есептеледі.