×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Армения ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің Астанадағы отырысына қатыспайды

Армения ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің Астанадағы отырысына қатыспайды
Фото: Ақорда

Армения СІМ басшысы Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатыспайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Арменпресс агенттігіне министрліктің баспасөз хатшысы Ани Бадалян Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ҰҚШҰ-ның қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатыспайтынын хабарлаған.

Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырыстарына қатыспайды, - деп хабарлады СІМ өкілі.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян "ҰҚШҰ Армения қауіпсіздігіне, оның болашағы мен егемендігіне қауіп төндіреді" деп мәлімдеген. Пашинянның пікірінше, осы ұйымға мүше екі ел 2020 жылы Таулы Қарабақтағы әскери қимылдар кезінде Әзербайжанға көмектескен.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 28 қарашада Астанада өтеді. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесі сессиясынан бір күн бұрын, 27 қарашада Астанаға Ресей президенті Владимир Путин келеді