Қалың көпшілікке әлеуметтік желі арқылы "Саламалейкум!" деп танылған әрі «Еуро Одақ» лақап атымен белгілі қазақстандық саяхатшы-блогер Ерхат Құсайынов бүгін Түркіменстан шекарасында қолға түскені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұған дейін БАҚ оның аталған көрші елге кіргенен кейін хабарсыз, жоғалып кеткенін жазған.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Блогер табылғаны туралы оның достарының бірі әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша жергілікті билік оның жолын бөгеуі мүмкін.
ШЕКАРАДА ҰСТАЛДЫ
Алматыдан шығып Абу-Дабиді жаяу бетке алған блогерді түркіменстандық шекарашылар ұстап алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған көрінеді.
Блогердің Instagram-дағы жарияланымдарынан белгілі болғандай, ол соңғы рет 17 қарашада Самарқандтағы суретімен бөліскен кезде хабарласқан. Осыдан кейін Құсайынов хабарласпағандықтан, оның оқырмандары алаңдаушылық білдірді.
ҰСТАЛҒАН СЕБЕБІ БЕЛГІСІЗ
Ерхаттың достарының айтуынша, оның хабарласуға мүмкіндігі жоқ. Оның ұсталуының нақты себептері мен құжаттарға қатысты жағдай әлі анықталмаған.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Түркіменстандағы елшілігі оқиғадан қазірдің өзінде хабардар екенін айтты. Консул ұсталған азаматпен кездесудің мән-жайын анықтау және туындаған мәселелерді шешуге көмектесу жайлы сұраныс жіберген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматтың ұсталғанын хабарлағанбыз. Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйек айында Ташкент қаласында жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың долларын иемденген.