×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Алматылық ару құны 60 млн теңге Lamborghini ұтып алды

13.12.2021, 09:55
Алматылық ару құны 60 млн теңге Lamborghini ұтып алды
Фото: скрин

Ресейлік блогер Гусейн Гасанов өзінің 20 миллионнан астам қолданушы жазылған Instagram парақшасында автокөлік тігілген ұтыс ойынын өткізіп, онда Алматы тұрғыны жеңіске жетті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогердің айтуынша, байқауға қатысу үшін жазылушылар оның соңғы жазбасының астына лүпіл белгісін басып, аккаунтының белгісі бар сторис орналастыруы керек еді. Осылайша 700 мыңнан астам адам өз бағын сынауға кірісті.

Рандомайзер Lamborghini спорткарының иесін таңдап, жеңімпаз Әйгерім есімді алматылық ару болып шықты.

«Сіз Instagram тарихындағы ең қымбат жүлдені жеңіп алғаныңызды түсініп тұрған боларсыз», - деді Гасанов.

Ұтыс ойнатушының сөзінше, қыз сыйлықты мүлдем тегін алады. Көліктің өзі 10 миллион рубль (59 миллион теңге) тұрады.

«Аллаға мадақ. Мен бақыттымын, әлі сене алмай отырмын! Ламба үшін алғысым зор. Құттықтағандарыңыз үшін көп рахмет!!! Мен барлық ұтыс ойындарына әрдайым қатысып келемін, бұл менің бірінші сыйлығым!!! Қолдарым әлі дірілдеп тұр. Ғажайыпқа сеніңіздер», – деп толқыды Әйгерімнің өзі.

Еске сала кетсек, Гусейн Гасанов бұған дейін қырғыз такси жүргізушісіне су жаңа көліп алып берді.