×
498.55
524.28
4.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.55
524.28
4.75

Қазақстандағы жылу электр орталықтары Ресейден алынатын несиеге салынады

Бүгін, 15:49
Қазақстандағы жылу электр орталықтары Ресейден алынатын несиеге салынады
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстанда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарын салу жоспарланып отыр. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Ресейден жеңілдетілген несие алу көзделуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Ресеймен жасалған келісім жобасын таныстырды. Бұл келісім жаңа ЖЭО салу жобасының жобалау, жабдықты дайындау, жеткізу және іске қосу сияқты барлық кезеңдерін қамтиды.

"Бұл келісім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарын салу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Құжатта жобалаудан бастап құрылыс жұмыстары мен пайдалануға беруге дейінгі процестер және Қазақстан тарапына жеңілдетілген қаржыландыру ретінде ресейлік мемлекеттік несие беру механизмі қарастырылған," – деді депутат.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЭО ҚҰРЫЛЫСЫ:

Бұған дейін Қазақстан үкіметі Ресеймен Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салу бойынша келісімдерге қол қойған болатын.

Қазақстан тарапынан бұл жобаны іске асырушы ретінде "Самұрық-Энерго" АҚ белгіленген. Ал Ресей тарапынан мердігер ретінде "Интер РАО – Экспорт" ЖШҚ қатысады. Бұл компания "Интер РАО" тобына кіреді.

РЕСЕЙ ОЛИГАРХТАРЫНЫҢ ҚАТЫСЫ

Өткен жылы Қазақстандағы жаңа ЖЭО құрылысын Ресейдің "санкциялық" олигархтарының компаниясы жүзеге асыратыны белгілі болды. "Интер РАО" компаниясы Владимир Путиннің жақтастары Борис Ковальчук пен Игорь Сечинге тиесілі. Бұл екі тұлға Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық әрекеттері үшін халықаралық санкцияларға іліккен.