Белгілі әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«МАҒЖАН МАҒАН ЖАҚЫН АДАМ БОЛДЫ...»
4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық, – деді Әсел Сәдуақасова.
БҰҒАН ДЕЙІН
Айта кетейік, актриса өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді азаматқа 2023 жылы тұрмысқа шыққан еді.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Бағлан Әбдірайымов еркекті не құртатынын айтқан болатын. Сондай-ақ танымал актер Болат Әбділманов кинодағы әйелдер мен ер адамдардың орны ауысып жатыр деген ой білдірген.