Оңтүстік Кореяда КХДР-ға қарайтын шолу алаңында кофехана ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
АҚПАРАТ
Мекеме Эгибон экопаркінде ашылды. КХДР шекарасына дейінгі қашықтық небәрі 1,5 шақырым. Кофехананың бақылау палубасынан Сонгаксан жанартауын, сондай-ақ Солтүстік Корея ауылын көруге болады.
Кофехананың ашылуы жергілікті биліктің шекара маңындағы аймақтарды туристік орын ретінде таныту жөніндегі бастамасының бір бөлігі болғаны атап өтілді.
Дегенмен, келушілер мұндай жерде бір шыны кофе ішу үшін әскери бақылау бекетінен өтуі керек. Жалпы, мекемеде 30 қонаққа арналған орын бар.
КЕРЕК ДЕРЕК
Оңтүстік Кореядағы Эгибон саябағы Солтүстік Кореямен шекаралас жерде орналасқан. Ол демилитациялық аумақтың көкжиек көріністерін ұсынады және тарихқа арналған ескерткіштерді қамтиды.