×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Астанада мас адам лифтте жасөспірімді қылқындырып, шығармай қойған

30.11.2024, 15:51
Астанада мас адам лифтте жасөспірімді қылқындырып, шығармай қойған
stan.kz

Астананың мас тұрғыны лифтте жасөспірімге күш көрсетіп, мойнынан қылқындырып, оны лифттен сыртқа шығармай қойған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі Zhaloby.astana парақшасы ақпарат таратты. Жазбада елорда тұрғыны 15 жастағы ұлын белгісіз мас адам қорқытқанын айтты.

Полицейлер осы оқиғаға байланысты тергеуді бастады.

- Бұл адам алкогольге, мүмкін есірткіге мас күйде 15 жастағы балама әдепсіз сөздер айтып, оны өлтіремін деп қорқытқан. Содан кейін оны қылқындырмақ болып, лифттен шығармауға әрекет жасаған. Физикалық күш көрсетіп, қолын бұрап, саусағын қайырған, - делінген жазбада.

Баланың анасының айтуынша, мас адамды полицейлер ұстаған. Бірақ ол қарсылық көрсеткен.

- Бұл факті бойынша құқық бұзушы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылады, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, оқиға Астанадағы Сәтбаев көшесі, 31 үйде болған.

- Мен соңына дейін барамын. Әзірге оны 10 тәулікке қамады, – дейді жасөспірімнің анасы.