×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Қытайда омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

13.12.2021, 19:37
Фото: ашық дереккөз

Қытайдың Тяньцзинь қаласында COVID-19-дың омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

news.cn-ның мәліметінше, бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі муниципалдық орталықтың хабарламасында жазылған.

«Омикрон» штамын жұқтырған азамат шетелден келген. Ауру симптомсыз жалғасуда, қазіргі кезде ол оқшауланған және арнайы бөлінген ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Бұл – құрлықтық Қытайдағы «омикро»н штамын жұтырудың алғашқы жағдайы», - делінген Тяньцзинь қаласының эпидемологиялық штабының хабарламасында.

Тяньцзинь – Қытайдың орталық бағынысындағы қала, 13 миллионнан астам тұрғыны бар. Ол ел астанасы Бейжіңнен 100 шақырым жерде орналасқан.

Серіктес жаңалықтары