Самара – Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы аумағында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі сол жерде қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 15:30 шамасында Самара – Шымкент тасжолында болған. Алматыдан шыққан жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Рульде Тәжікстан азаматы болған. Салдарынан қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысып, 50 және 21 жастағы қос жүргізуші қаза болған.
Жүк көлігінің бірі жеңіл көлік тасымалдаған.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада автомобильдер тиеген жүк көлігі аударылып қалған болатын. Сондай-ақ Алматы облысындағы жол апатынан 1 адам қаза тапты.