×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Ақтауда 20 млн теңге пара алды деп айыпталған сот төрағасын тергеу аяқталды

17.12.2024, 15:37
Ақтауда 20 млн теңге пара алды деп айыпталған сот төрағасын тергеу аяқталды
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ

Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтаған. 

– Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр. 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді, – делінген хабарламада.

СУДЬЯНЫҢ ҰСТАЛУЫ

Еске салсақ, бұған дейін Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталғанын жазған болатынбыз. Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған деген ақпарат тараған.