Блогер Денис Кривошеев Мәжіліс отырысында Air Astana басшысы Питер Фостердің мінез-құлқы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ешкім, ешкім, ешкім Фостерді ырқына көндіре алмайды. Ол ондаған министрдің, олигархтардың және президенттің кезінде отырған және оларға қалай күлімсіреп қарағандай, әрі қарай да жалғастырып отыр. Бұл биліктің анық әлсіздігін және депутаттардың толық дәрменсіздігін көрсетеді», деп жазады Кривошеев.
Ол сондай-ақ депутаттардың Фостерге қысым көрсеткен сәтсіз әрекеттеріне миығынан күліп, олардың кәсібилігі мен стратегиясының жоқтығын атап өтті.
«Бұл сізге журналистерді бұрыш-бұрышқа қуу емес, ол ағылшын. Жарайсың Фостер, оларға сол керек», деді блогер.
Еске сала кетсек, 23 желтоқсан күнгі Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар «Эйр Астана» компаниясының қызметін сынға алған еді.
Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Эйр Астана “аспанның құдайы болып алған”. Билет уақыты жақындағанда бағасы көтеріліп кетеді. Депутаттың айтуынша, уақыт жақындағанда билет бағасы керісінше түсуі керек.
– Оны тезірек өткізу керек қой. Бұлар керісінше жұмыс істейді. Эйр Астананың мәселесін дұрыстап майшаммен қарау керек. Фостер мырза, шаңыраққа қараңыз, мемлекеттің заңына бағыну керек. Мұсабаев екеуміз бір сағат кешіккенге айыппұл салатын норма енгіздік. Енді қызықты қараңыздар, мен ұшар алдында 2 тамызда Эйр Астана 12 сағатқа кешікті. Әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүрмін. Неге? Олар құйтырқы схема жасап қойған. Анаған кіріп, өтінім беріп, жауабын алып, ақша алу деген… Мен әдейі соңында жүрмін. Бәрібір мен алам соны. Алдында біреуін алдым, – дейді ол.
Жаңбыршиннің айтуынша, билеттің құнын қайтарған кезде компания “ештеңені жарияламауыңыз керек” деп шарт қояды.
– Сізге бір рет қана сұрақ қойылды. Бірақ сіз Қазақстанға келгеннен кейін бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауыңыз керек. Қазақстанның заңын сыйлауыңыз керек. Ақшаны бәріміз жақсы көретін шығармыз, бірақ сіз пайда көреміз деп, билет бағасын көтере бермеңіз. Билет бағасы 60 мың теңгеден 120 мың теңгеге кетіп қалады. Ережелердің бәрін оңай қылыңыздар. Сіз күлмеңіз. Сіз бізді менсінбей отырсыз. Біз сізге Африкадағы абориген емеспіз. Ештеңені түсінбейтін! Ойнамаңыз, бізді күліп менсінбей. Бұл Парламент! Осы жерде отырғандардың бәрі – халық сайлаған адамдар, – деді ол.
Қазақстандықтар жалпы, әуе билеттерінің қымбаттығына жиі шағымданады.
FlyArystan әуе компаниясы Air Astana-дан бөліну рәсімін аяқтады.
Мәжіліс депутаты Асқар Садықов «Air Astana» әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың Қазақстанда емес, Ирландияда тіркелгенін айтып, бұрынғы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған. Яғни депутат әуе компаниясының басшысы Питер Фостердің Қазақстанда тапқан ақшасын Лондонда жұмсайтынын айтып, мәселе ккөтерген.