×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Солтүстік Кореяда күлуге және жылауға тыйым салынды

18.12.2021, 13:42
Фото: ашық дереккөз

КХДР-дың бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің қайтыс болғанына он жыл толуына орай 11 күндік аза тұту рәсіміне байланысты солтүстік кореялықтарға күлуге, туған күндерін тойлауға, жақындарын жерлеуге және ішімдік ішуге тыйым салынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

lenta.ru-дың мәліметінше, Солтүстік-шығыс шекарасындағы Синуйджу қаласының тұрғыны билік азаматтарға бос уақытын өткізуге және сауда жасауға тыйым салғанын айтты. Былтырғы қаралы күндерде мас күйінде ұсталғандар қамауға алынған.

«Олар идеологиялық қылмыскерлер ретінде қарастырылды. Оларды алып кетті және содан бастап еш жерден көрінбеді. Тіпті отбасының бір мүшесі қайтыс болса да қатты жылауға болмайды, ал мәйітті аза тұту күндері аяқталған соң ғана жерлеуге болады. Сондай-ақ, бұл күндері туған күнді атап өтуге де болмайды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Ким Чен Ир 1994 жылы әкесі Ким Ир Сен қайтыс болғаннан кейін КХДР басшылығына келді. Ол 2011 жылы қайтыс болғанға дейін елді басқарды, оның орнына ұлы, қазіргі көшбасшы Ким Чен Ын келді.

Серіктес жаңалықтары