×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Қызылордадағы секс-құлдық: Іске қатысы бар тағы бір адам сотталды

26.12.2024, 10:44
Қызылордадағы секс-құлдық: Іске қатысы бар тағы бір адам сотталды
Коллаж Ulysmedia.kz

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы А.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық отырыста қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденген.

СОТ ШЕШІМІ

Аталған факті бойынша ашылған қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтарына сай, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағандығы және жас баласының болуы танылған. Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, моральдық зиянды өндіру туралы талап қою ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

ҮКІМ ШЫҚҚАН ІСТЕР

Бұған дейін 24 желтоқсанда секс-құлдыққа қатысы бар сауна әкімшісі 4,5 жылға сотталған. 13 желтоқсанда оқиға бойынша екінші үкім шығып, айыпкер 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Шулы оқиға аясындағы алғашқы үкім 11 қараша күні шыққан. Ол кезде күдікті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Тамыз айының басында Қызылорда қаласында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Кейін оқиғаның егжей-тегжейі арнайы өткен брифингте баяндалды. "Не молчи" қоғамдық қорының араласуымен сұмдық деректердің беті ашылды. Сол күні белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты. Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Жәбірленуші қыздың анасы Ulysmedia.kz-ке сұхбат беріп, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқанын айтқан.