×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 20 жастағы қырғызстандық есін жиды

29.12.2024, 15:52
Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен 20 жастағы қырғызстандық есін жиды
Қырғыз Республикасы ТЖМ

Ақтауда ұшақ апаты салдарынан ауыр жарақат алған 20 жастағы Ринат Асанов есін жиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Бір күн бұрын Ақтауға Ринат Асанның туыстары, сондай-ақ Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен медицина қызметкерлері келген.

Ал қалған екі жәбірленушінің жағдайы тұрақты, бірақ олар медициналық бақылауды қажет етеді.

Екі күннен бері Қырғызстан билігі ұшақты тасымалдауға дайындап, дәрігерлердің шешімін күтіп отыр. Ал кеше қазақстандық дәрігерлер денсаулығына байланысты Ринат Асановты отанына оралуға рұқсат берген жоқ.

Сондай-ақ Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған Қырғыз Республикасының азаматы болған оқиғаны айтып берген. Ол өзін құтқарғандар «қазақпыз» дегенде жылап жібергенін жеткізді.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазған.

Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.