×
522.42
543.89
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.42
543.89
5.28

Норвегияда жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті

29.12.2024, 16:14
Норвегияда жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті
Vg.no

Норвегиядан Нидерландыға ұшқан Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда Сандефьорд халықаралық әуежайында қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы норвегиялық  күнделікті шығатын Vg.no басылымы хабарлады.

Голландиялық Royal Aviation Company (KLM) әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ Осло әуежайынан Амстердамға көтерілу кезінде қатты дыбыс шыққан соң Сандефьорд халықаралық әуежайына бағытталды.

Төтенше қону кезінде Boeing 737-800 ұшағы ұшу-қону жолағынан асып, көгалға шығып кеткен.

Ұшақтағы 176 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің зардап шекпегені, оқиғаға қатысты тергеу басталғаны хабарланды.

Норвегиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ гидравликалық жүйедегі ақауға байланысты шұғыл қонған.

Сондай-ақ Vg.no басылымының хабарлауынша Ослодағы Саннефьорд әуежайы жергілікті уақыт бойынша жексенбі күнгі кешкі сағат 18.00-ге дейін жабылған.  Бұл шамамен 5000-ға жуық жолаушы жолынан қалып отыр деген сөз.

Еске сала кетсек, кеше Канадада жолаушылар ұшағы қону кезінде өртке оранды. Қуанышқа қарай, 80 жолаушы мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ АПАТ

Муанда (Сеулден 288 шақырым жерде) ұшақ апатынан екі адамды қоспағанда, борттағы барлық адам көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған едік. Бортында Бангкоктың 181 жолаушы болған Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы таңғы сағат 9:07-де Муан халықаралық әуежайына қонуға тырысып, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соқтығысқан. Әуелі кем дегенде 28 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алғаны хабарланған еді. Кейін жолаушылар борттағы адамдардың көбі дерлік аман қалмағаны белгілі болды.

Әуежай билігі ұшақ апат болған кезде шассидің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты пилот апаттық жағдайда қонуға тырысқанын хабарлайды. Бірақ ол әрекет сәтсіз аяқталған. Қоршауға соғылған ұшақ жарылып, өртеніп кеткен. Куәгерлер ұшақтың шассиі, мысалы, дөңгелегі дұрыс шықпай қалғанын көргенін айтады. Апатқа жайсыз ауа райы немесе құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазған.

Ресей президенті өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.