×
526.11
542.31
4.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.11
542.31
4.76

Дубайда қаржы пирамидасының басшысын тонаған қазақстандықтар Ресейде ұсталды

04.01.2025, 16:38
Дубайда қаржы пирамидасының басшысын тонаған қазақстандықтар Ресейде ұсталды
әлеуметтік желіден

Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушысына қарумен шабуыл жасап, оны тонап кетті деген күдікке ілінген қазақстандықтар Ресейден қашпақ болған сәтінде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Күдіктілерді бірі Внуково әуежайында, екіншісі Домодедово әуежайында ұсталды. Операция Ресей ІІМ Интерполы мен шекара қызметмен бірлесіп жүргізілді. Қазіргі уақытта күдіктілерді БАӘ-ге экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оларға сол елде шабуыл жасап, ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылған.

Күдіктілерден ұрланған 1,2 млн дирхам (шамамен 327 мың АҚШ доллары) тәркіленген жоқ. Тергеу мәліметінше, қылмыскерлер ұрланған ақшаны БАӘ-ден кетпес бұрын Дубайдағы криптовалюта айырбастау орындары арқылы цифрлық валютаға айналдырған болуы мүмкін. Бұл болжам өңірде криптовалюта операцияларының дамығанын ескерсек, шындыққа жанасуы мүмкін. Егер бұл расталса, қаражатты қайтару аударымдар аноним түрде жүргізілгендіктен өте қиын болмақ.

Күдіктілер бақылауда болғанын сезіп, БАӘ-ден асығыс қашып кеткен. Тергеу деректері бойынша, қаражатты цифрлық активке аударуға дайындық алдын ала жоспарланған болуы мүмкін.

Қаңтар айының басында әлеуметтік желілерде екі қазақстандықтың Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушы Эдвард Сабировтың жеке вилласына басып кіріп, үйдегі адамдарға шабуыл жасап, ірі көлемде ақша ұрлағаны туралы хабарлаған едік.