×
527.23
544.05
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.23
544.05
5.05

Мұхамед, Айлин, Айсұлтан — 2024 жылы туған балаларға қандай есімдер жиі қойылған

Мұхамед, Айлин, Айсұлтан — 2024 жылы туған балаларға қандай есімдер жиі қойылған
Жасанды интеллект/Ulysmedia

2024 жылы өмірге келген қыз және ұл балаларға қандай есімдер жиі қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЛАЛАРҒА ЕҢ ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН ЕСІМДЕР

Ер балалардың есімдері арасында Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, көшбасшы орынға Мұхаммед есімі шықты, ол 2014 жылдан бері рейтингті бастап келген Алихан есімін алмастырды. Бұған дейін топ-10 есімдер қатарына кірген Нұрислам есімі 2024 жылы тізімнен шықты.

2024 жылы ұлдарға қойылған топ-10 есім:

  • Мұхаммед (3633 адам);
  • Айсұлтан (2862);
  • Алихан (2719);
  • Мухаммад (2712);
  • Омар (2484);
  • Алдияр (2295);
  • Амир (2266);
  • Алан (2259);
  • Али (1912);
  • Хамза (1857).

ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ТОП-10 ЕСІМ

Тізімге алғаш рет Мариям есімі кірді, ол Амина есімін ығыстырды. Рейтингтің бірінші орындында Айлин есімі қалды.

2024 жылы қыздарға қойылған топ-10 есім:

  • Айлин (5578 адам);
  • Медина (5417);
  • Асылым (5020);
  • Айша (4493);
  • Томирис (3369);
  • Аяла (2986);
  • Айым (2875);
  • Мариям (2794);
  • Раяна (2782);
  • Сафия (2775).

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша, 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрды. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтар саны 231 478 адамға көбейді. Табиғи өсім 217 133 адам, миграция сальдосы 14 345 адам болған.